"Оқуға күштар мектеп"

С. Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебінде "оқуға құштар мектеп" бағдарламасы аясында бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Г.М. ұйымдастыруымен 3-сынып оқушыларының қатысумен "Абай-дана, Абай-дара қазақта!" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты: оқушыларды оқуға шақыру, соның ішінде Абайды сүйіп оқуға, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды. Іс-шара барысынды Абайдың өмірімен, шығармашылығына дейін терең зерттеліп, арнайы видео-роликтер,презентация көрсетілді. Әр -түрлі қызықты тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып және Абай аудармаларынан көрініс қойды. Іс -шараға оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, іс-шара өз мақсатына жетті.